Шеберлер табиғат аясына шығып, этюдтер жазды. Бүгінгі күні көрермендер көрмеде біздің сүйікті қаланы заманауи шеберлердің көзімен көруге мүмкіндікке ие болады.
Ұсынылған жұмыстар табиғаттың сұлулығы мен архитектураның ерекшеліктері туралы баяндайды.
Бұл әр түрлі жылдары орындалған Омбы, Алматы, Өскемен және Семей суретшілерінің пленэрлік туындылары.
Пленэр – бұл ашық ауада шабыт пен шығармашылық уақыты және әр сурет табиғи жарықтың, ауаның, табиғаттың өзі беретін кеңістіктің тереңдігінің арқасында түстердің бар байлығын паш етеді.
Көрмеде көрерменнің архитектураны тек өнер түрі ретінде емес, оны қоғам қабылдауы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндігі бар.