Автоколонна ABAI халықаралық әуежайынан Селевин-Бозтаев көшелері, аспалы көпір арқылы, одан әрі Гагарин және Шугаев көшелерімен бағыт алды. Маршруттың соңғы нүктесі “Арена” спорттық кешені болды.
- Бүгін Абай облысында Республика күніне орай автошеру өтті. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардағы патриоттық сезімдерді ояту және мереке сезімін беру, – дейді автошеруге қатысушылардың бірі Темірлан Бақтияров.
- Бүгін барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Патриотизм мен бірлік сезімін оятатын осындай іс-шаралар көп болғанын қалаймын, – деп толықтырды автошерудің тағы бір қатысушысы Нұрбол Сүлейменов.