Ел мерейін тасытқан салатанатта әр салада сүбелі еңбек үлесі бар тұрғындарға Абай облыстық мәслихатының Алғыс хаты, облыстық Әділет департаментінің грамотасы, Аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хат табыс етілді.
Ақсуат мәдениет үйінің өнерпаздары Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай сахналық қойылым көрсетті. Б.Саятүлеков атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі, әжелер ансамблі, күйшілер мен бишілер ұлттық бояуы қанық туындыларымен ел рухын аспандатып, көңілдерін бір серпілтіп тастады.
Сонымен қатар, ҚР мәдениет қайраткері Б.Әмірхановтың "Абай елі" атты композициясының тұсауы кесілді.