USD483.23EUR534.74RUB5.12

Абай облысының орталығы Семей қаласында Республика күніне орай жасыл желек отырғызылды

24 қазан 2022, 11:33
Республика күні мерекесі қарсаңында, Семей қаласындағы аспалы көпір астындағы демалыс орыны аумағында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен ағаш егілді. Оның ішінде алма, 50 шырша көшеттері отырғызылды.
Абай облысының орталығы Семей қаласында Республика күніне орай жасыл желек отырғызылды

«Семей қаласы кезінде еліміздің ең жасыл қалаларының бірі болған. Енді облыс орталығы статусын алған кезде, шахарды бүрынғыдай жасыл желегі мол, саялы ететін боламыз. Алдағы жылдары бұдан да көп ағаш, бұта отырғызылатын болады», - деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кетейік, аспалы көпір астындағы қоғамдық кеңістікті бір ай бұрын ашқан болатын. Осында уоркаут-алаңқайлар, скейт-парк, паркур алаңдары жасалған.

Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлінген. Стритболға арналған спорттық аймақ, фитнес аймақ және балалар ойын алаңы.

Енді жаңа аймақ ағаштармен толықты.

Жалпы мереке қарсаңында Семей қаласында 478 ағаш, 100 бұта егілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

6 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar