USD474.83EUR515.38RUB5.5

Мемлекет басшысы Шағангүл Жанаеваға «Барыс» орденін табыстады

24 қазан 2022, 11:24
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шағангүл Алдамжарқызы Жанаеваға II дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.
Мемлекет басшысы Шағангүл Жанаеваға «Барыс» орденін табыстады

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі мен «Ерен еңбегі үшін» наградасының иегері, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Корреспондент мүшесі, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты – Шагангул Жанаева Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжін 2010 жылдан бастап басқарып келеді.

Бұл оқу орнының ғасырлық тарихы бар. Колледж қабырғасында елге белгілі Ұлт зиялылары мен Алаш қайраткерлері білім алып, қызмет істеген. Қанша ма уақыт өтсе де М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Сәтбаев, Қ. Нұрмұхаметов оқыған оқу ғимараты бүгінгі күнге дейін іргесі сөгілмей, қаз қалпында сақталып тұр. Сан мыңдаған шәкірт Ұлылардың ізін жалғап сол жерден түлеп шығуда. Колледжде 10 жыл бұрын сатып алынған орындықтар мен парталардың бетіне әлі күнге дейін бірде-бір сызат түспеген. Бұл үлкен мейірім мен жанаршылықтың көрінісі.

Колледжде төрт оқу ғимараты, білім алушыларға арналған 310 орындық 5 қабатты жатақхана бар. Ішкі бақылау мен тәртіпті арттыру мақсатында 86 бақылау камералары орнатылған. 2 лингофон, 4 компьютерлік оқу сыныптары, 49 интербелсенді тақта және 40 проектор, робототехника кабинеті, ІТ құзіреттілік орталығы, мектепке дейінгі білім мен тәрбие құзіреттілік орталығы, Абайтану орталығы, тігін кабинеті, слесарлық шеберхана, спорт, ритмика, гимнастика және тренажер залдары – қазіргі заманғы техникалық озық құралдармен жабдықталған.

Оқу орнында қызмет етіп, білім алған атаулы түлектерге арналған 34 кабинет, 10 адамдық электронды кітапхана залы, 40 адамдық интернет залы ашылған. Әр атаулы дәрісханада «Шағын ғылыми зерттеу орталығы» құрылып, зерттеу, насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Білім ордасында М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына және колледж тарихына арналған мұражай жұмыс істейді.

Құтты болсын!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar