USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ұялы телефон кесірінен бала күйік алды.

31 қаңтар 2020, 08:30
29 қаңтар күні кешке «101» диспетчерлік қызмет пультіне Титов көшесіндегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Өрт 4 этажды үйлердің бір пәтерінде туындады.
Ұялы телефон кесірінен бала күйік алды.

Өрт ауданы 2 шаршы метрді құрады.Үй-жай ішінде жиһаздардың ағаш конструкциялары өртке оранды. Өрт туындау себептерінің бір нұсқасы-үй иесінің алькогольдік мас болу күйінде темекі шеккен кезде отты абайсыз қолдану.

Жылыту маусымы басталғалы бері пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт, жазатайым оқиғалар және тұрғындардың тұншықтырғыш газбен улану жағдайлары орын алады. Осылайша мысалы, 29 қаңтар күні кезекші дәрігерден оларға тұншықтырғыш газбен ауырлығы орташа дәрежеде улану алып, токсикология бөліміне жатқызылған 1968 және 1977 жылы туылған, Степной кентінде тұратын 2 науқастың келіп түскендігі туралы ақпарат келіп түсті. Мән-жайды анықтау барысында улану тұрыстық жағдайда, пеште тартымның болмауына байланысты болды (тазартылмаған түтіндік).

Электр сымдарының ақаулығынан туындайтын өрт статистикасы мәселелердің басым бөлігі электр жабдықтарын немесе тұрмыстық аспаптарды, оның ішінде ұялы телефондарды дұрыс орнатпаудан немесе пайдаланбаудан болатынын көрсетеді.

Мысалы,кеше 2020 жылы 29 қантарда жедел медициналық көмек кезекшісінен 2016 жылы дүниеге келген баланың күйікпен түскені туралы ақпарат келді.

Істің мән-жайын анықтау барысында баланың тұрмыстық жағдайда күйік алғаны анықталды. Жағдай Дулатов көшесінде болды, бала тоққа қосылған телефонмен ойнап отырған,артынан оны ток соққан. Нәтижесінде бала оң жақ қолынан күйік алып қалды. Дәрігерлер қарауынан кейін үйге жіберілді.

Семей қаласы ТЖБ тұрғындарды өрт жағдайында адам өлімінің алдын алу үшін қауіпсіздіктің қажетті шараларын ұстануды, газ құрылғыларын, жылыту пештерін, электр жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады .

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar