
25 қазанда қонақтар мен қала тұрғындары үшін концерттер, спорттық ойындар, қалалық Арбатта бүкіл отбасы үшін ойын-сауық өткізіледі, көрмелер, жағалаудағы аниматорлармен шоу бағдарлама, қала шетінде тұратын тұрғындарға арнайы концерттер өтеді.
Сондай-ақ, қаланың мұражайлары мен кітапханалары барлық тілек білдірушілер үшін Ашық есік күнін өткізеді.
Мерекелік бағдарлама орталық алаңда жалғасады - сағат 19:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді..
Сағат 22:00-де - мерекелік отшашу.
Сонымен қатар, 22-23 қазанда қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.