USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде Бас жоспар әзірленеді

20 қазан 2022, 10:59
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жоспарланған жұмыстар бойынша кездесу өткізді.
Семейде Бас жоспар әзірленеді

Өңір басшысы қала әкіміне, облыс әкімінің орынбасарына, бірқатар басқармалардың басшыларына Абай облысының әкімшілік орталығы халқының болжамды өсуін ескере отырып, бас жоспарды әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Семей қаласы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбемен қатар елдің қарқынды дамуының тағы бір полюсі, сауда-логистикалық, инвестициялық орталық және өмір сүруге ыңғайлы қала болуға тиіс.

Нұрлан Уранхаевтың айтуынша, Семейдің географиялық жағдайы оның жоғары транзиттік әлеуетін, сондай-ақ Павлодар-Семей-Өскемен өнеркәсіптік белдеуінің инновациялық орталығы ретінде орналасу мүмкіндігін алдын ала анықтайды. Сондықтан жұмысқа кірісу керек.

Мәдени-тарихи маңызы бар, сондай-ақ жаңа мәртебеге ие бола отырып, Семей болашақта еліміздің креативті қалаларының біріне айналуы мүмкін. Семей қалалық кеңістігін жоспарлаудың заманауи тәсілдерін пайдаланған кезде Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан халқы үшін тартылыс нүктесіне айналады.

2035 жылға қарай халықтың өмір сүру сапасы едәуір артады, нәтижесінде табиғи өсу коэффициенті артады, ал ірі экономикалық орталық ретінде қаланың іскерлік белсенділігі мен маңыздылығын арттыру есебінен басқа өңірлерден халық ағынының қарқыны артады. Осы факторларды, сондай-ақ урбанизацияның табиғи процесін ескере отырып, қала халқының саны шамамен 520 мың адамды құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar