Кәсіпорынның байыту фабрикасы 2018 жылдың маусымында жұмысын бастап, сол жылдың қыркүйегінде концентраттағы алғашқы тонна алтын шығарылған болатын.
Енді зауыт жұмысының 4 жылында 50 тонна қымбат металл өндіріліп отыр.
Қазірдің өзінде зауыт бір жылда 2,2 млн тонна кен өңдеп жатыр, ал келесі жылы 2,4 млн тонна шыңды бағындыру керек.
Бақыршық кен орнының өзінде және іргелес жатқан Терең лог, Сарбас, Абай учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі.