Алғашқы Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен. Араға ғасыр салып бұл бастама Қазақстанда нақты іске асты. Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей, Австрия, Италия, Швейцария, Үндістан және басқа да елдерден келген Алматыдағы Рухани келісімнің бірінші конгресіне қатысушылар өз манифесінде 18 қазанды Рухани келісім күні ретінде атап өту бастамасын көтерді.
Рухани келісім күні Астана қаласында 1997 жылы алғашқы рет кең көлемде аталып өтіп, ол өзімен бірге қайырымдылық істерге қолғанат болудың жаңа миссиясын алып келді. Ізгілік пен мейірімділікке жол салған осынау бастама бүкіл ел көлемінде жалғасын тапты.