Бүгінгі күні картоп, көкөніс, дәнді дақылдарды жинау аяқталды.
2022 жылғы жұмыстарға ҚР Энергетика министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытынан облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына 14,5 мың тонна дизель отынын бөлді.
Операторлардың жеңілдетілген дизель отынын сату бағасы литріне 204 теңгеден 212 теңге аралығын құрады.
Өнімдерді кептіру үшін қосымша 4 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
Биылғы жылдың 9 айында шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал басы 6,6%-ке өсіп, 830,095 мың басты құрағанын атап өткен жөн.
Сиыр – 394,2 мың, жылқы – 334,1 мың және ешкі малы — 1349,2 мың.
Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру 54 мың тоннадан асқан. Яғни, соңңы 9 ай ішінде өсім 11 пайызға артып отыр.