Тәулік бойы мамандандырылған әрі шұғыл медициналық көмек көрсететін емдеу мекемесі 140 төсек орынға лайықталған. Медициналық құрылғылардың тозу көрсеткіші 62% асады.
Сонымен қатар аймақ басшысы облыстық фтизиопульмонология орталығына барды. Бұл емдеу мекемесі 340 төсек орынға есептелген.
«Емханалардың жағдайымен танысу барысында облыс әкімі жаңа жұқпалы аурулар емханасының жобалау сметалық құжатын дайындап, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына кірісуді тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы балалар фтизиопульпонологиясының тыныс-тіршілігімен танысты. Оны жабдықтауды толықтыра түсуге және ғимарат ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді», — деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев.
Бұдан бөлек, науқастардың ем алуына және қызметкерлердің жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасауды да ескертті.