Тұрғындар «Шығыс» кентіндегі жолдардың сапасының нашарлығы салдарынан қоғамдық көліктің келмейтініне наразылық білдірді.
Осы орайда Железняков көшесінің бойына су құбырын тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік қозғалысының қалпына келетіні жөнінде түсіндірме жасалды.
Сонымен қатар, облыс әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына аталған елді-мекенге барып, жақын арада мәселенің шешілуін тапсырды.
Айта кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қабылдауына 8 (7222) 52 39 21 байланыс нөмірі бойынша жазылуға болады.