USD524.65EUR552.19RUB5.14

Отбасының сандық картасы енгізілді

14 қазан 2022, 12:13
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қанатқақты жоба ретінде отбасының сандық картасы енгізіле бастады.
Отбасының сандық картасы енгізілді

Бұл азаматтардың өз әлеуметтік деңгейіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алатын құқықтары жөніндегі «электронды хабарлағыш» және мемлекеттік қызмет көрсетудің тағы бір белсенді құралы.

Яғни мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа қандай да бір көмекті алуды өзі ұсынатын болады.

Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Анар Ерембаева айтты.

— Басында мемлекеттік органдардың мәліметіне сүйене отырып, отбасылардың әлеуметтік деңгейін және соған сәйкес қандай мемлекеттік көмек беруге болатыны анықталды. Картадағы мәліметтер онда тіркелген отбасылардың әлеуметтік деңгейінің өзгерілуіне байланысты толықтырылып отырады, - деді Анар Ерембаева.

Мемлекеттік көмекті алу құқығы берілетін адамға мемлекеттік қолдауды қабылдайтынын растау үшін SMS хабарлама жіберіледі. Рұқсат алынған соң әлеуметтік көмектің қандай да бір түрі белгіленіп, алушының есеп-шотына қаражат аударылады. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асады. Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен қызмет көрсетудің жаңа үлгісі бойынша әлеуметтік көмектің 9 түрін алу мүмкіндігі енгізілді. 2023 тізімге әлеуметтік қорғау бойынша қызмет түрлері кіреді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық және білім салалары бойынша мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылы мемлекеттік кепілдіктің барлық түрі қамтылады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar