Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда отын қоры мен техникалық құрамдас бөлігі бойынша ешқандай мәселе жоқ. Биылғы жылы 18 қазандыққа тағы 4 шағын қазандық қостық. Жылыту алдындағы кезеңде өткізілетін іс-шаралар толығымен аяқталды. Қазірде көмір жеткілікті. Қазандық бойынша 40 мың тонна көмір әкелінді және күн сайын 20-ға жуық вагон келіп түседі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Жылукоммунэнерго» қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын атап өткім келеді», - деді Димитрий Гариков.
Айта кетейік, биылғы жылы «Орталық» қазандығы мен «103» қазандығы арасында жылу энергиясын ең суық кезде бірдей бөлу мақсатында жұмыстар жүргізілді.