
- Салтанатты және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мереке күні облыстың орталық алаңдарында, саябақтары мен скверлерінде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер, көрмелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылады, - деді Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.
Сондай-ақ бірқатар нысандарды ашу және жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін тапсыру жоспарлануда.