USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қазақстанда отандық қанттың бағасы бір жылға белгіленеді

14 қазан 2022, 10:23
Ол үшін отандық қант өндірушілермен меморандумға қол қойылды. Құжат қант бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда отандық қанттың бағасы бір жылға белгіленеді

Астанада ҚР сауда және интеграция министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, "Ақсу Кант" ЖШС, "Мерке қант" ЖШС, "Көксу қант зауыты" ЖШС және "Тараз қант зауыты" ЖШС өкілдері Қазақстанда қант бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР ИИДМ Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, бұл қадам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге тікелей айналым қаражатын бөлуді көздейтін мемлекеттік қаржылық қолдау жүйесінің жаңа тетіктерін енгізудің маңызды кезеңі болып табылады. Бұл ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар өнімдердің болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, жалпы қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.

"Қант зауыттары үш айлық шикі қантты сатып алып, жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде зауыттар бір жылға сату бағасын белгілеу, зауыттарды міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды орындау бойынша нақты міндеттемелер қабылдайды", - деп атап өтті ҚР ИИДМ Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar