USD474.83EUR515.38RUB5.5

Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту жолдары жеңілдетілді

13 қазан 2022, 16:59
Абай облысында мемлекеттік органдарға бармай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге болады.
Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту жолдары жеңілдетілді

- Абай облысында 28 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды қолдау үшін жәрдемақыларды, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді, білім алуға қол жеткізуді және т.б. қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесі көзделген, - деді «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті» РММ басшысы Анар Ерембаева.

- Бүгінде мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қолдау үшін азаматтар төрт ұйымға: емханаға, одан кейін медициналық-әлеуметтік қызметке, ХҚКО - жәрдемақы тағайындау үшін, собес - Әлеуметтік қызмет алу үшін жүгінуге мәжбүр. Сараптама сапасына қатысты шағымдар жиі айтылады. Сондықтан, осы проблемаларды шешу үшін 2021 жылдың қазан айынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел Президентінің 2021 жылғы 25 ақпанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматындағы пилоттық жобаны жүзеге асырды. Яғни, азаматқа инстанцияларға барудың, құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, тек емханаға жүгіну жеткілікті. Осыдан кейін сараптама жүргізу, тиісті әлеуметтік төлемдер мен қызметтерді тағайындау өтініш берушінің қатысуынсыз, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады, - деді Анар Ерембаева.

Бүгінгі таңда бұл қызметті проактивті форматта 39 мыңнан астам адам алды, оның ішінде Абай облысынан мүгедектігі бар адамдардың 22,7 пайызы. Сонымен қатар, алдағы уақытта аурулардың тізімін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда.

Сырттай куәландыру 12 нозология бойынша жүргізіледі, олардың ішінде қатерлі аурулар, барлық локализациялардағы туберкулез, психикалық аурулар, оның ішінде ақыл-ой кемістігі, балалар аутизмі және т.б. медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелерін электрондық үкіметтің веб-порталындағы жеке кабинеттен немесе тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінен алуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar