USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс әкімі мүгедектігі бар жандармен кездесті

13 қазан 2022, 11:21
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мүгедектігі бар жандармен кездесіп, оларды мазалған сұрақтарға жауап берді.
Облыс әкімі мүгедектігі бар жандармен кездесті

Мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көліктерде пандустардың орнатылмауы, жол қиылысы мен жер асты өткелдеріндегі, сондай-ақ ғимараттардағы пандустардың болмауы, инватакси, тонометр, қоларбалардың жеткіліксіздігі, жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі және тағы басқа көптеген мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Осы орайда облыс әкімі І топ мүгедектігі бар Руслан Ерембаевты өзіне штаттан тыс кеңесші ретінде тағайындады. Бұл бастама мүгедектігі бар жандардың мәселесін бақылауда ұстап, сала мамандарымен бірлесе отырып, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Мүгедектігі бар адамдардың шешілуі тиіс мәселелерімен жақсы таныспын. Оларды әлеуметтік қолдау, өмір сапасын жақсарту бағытында құрылған үйлестіру орталығы қордаланған мәселелерді жылдам әрі сапалы шешетін болады. Бұл - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Сондықтан инватакси, пандус, медициналық құрылғылар, қоларбалар өзге де қажетті дүниелермен мүгедектігі бар адамдарды толықтай қамтамасыз етеміз. Мүгедектігі бар жандарға кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік қызмет көрсететін 575 нысан 2025-ші жылға дейін бейімделетін болады.

Абай облысында бүгінгі таңда 28 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тұрады. 3 000 - балалар.

2021-2025 жылдарға құрылған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 9 ай ішінде 220 адам жұмыспен қамтылған. Оның 75-і тұрақты жұмысқа алынған болса, 10 адам жастар тәжірбиесі бойынша, қоғамдық жұмысқа 125 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 5 адам, күміс жас жобасы бойынша 5 адам еңбек етеді. Квота бойынша 937 адам жұмыспен қамтылды.

Бұдан бөлек, 2021 жылы әлеуметтік қызмет порталы құрылды. Портал бойынша мүгедектігі бар адамдар техникалық көмек құралдарын, сурдо, тифло құрылғылар және санаторий, курорттық емдеу орнын, жеке көмекші және ым-ишара маманын өздері таңдай алады.

Семейдегі аспалы көпір астында орналасқан демалыс орнында арбамен жүретін тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жүргіншілер өткелі жасалған.

Сонымен қатар Семей қаласында 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar