USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қайнар ауылындағы орта мектеп ғасырлық мерейтойын атап өтті

11 қазан 2022, 15:32
Қайнар ауылындағы Сапарғали Бегалин атындағы орта мектеп ғасырлық мерейтойын атап өтті.
Қайнар ауылындағы орта мектеп ғасырлық мерейтойын атап өтті

Білім ошағы алғаш рет 1922 жылы бастауыш мектебі болып ашылған.

Оның ұйымдастырушысы Тұрсынбай Дайырбеков өзінің екі бөлмелі үйін мектепке босатып берген. 1931 жылы шаруа жастар мектебі, 1934 жылы орталау, ал 1936 жылы орта мектеп болып құрылды.

1941 жылы мектептің алғашқы түлектеріне куәлік беріліп, осы жылы 100 балалық мектеп үйі салынды.

1974 жылы үшқабатты жаңа типті мектеп ғимараты салынып, 1983 жылы мектепке жазушы Сапарғали Бегалиннің есімі берілді.

Мектеп түлектерінің ішінен жүздеген мемлекет, қоғам, ғылым мен білім, өнер мен мәдениет қайраткерлері және еңбек ерлері шыққан.

Үкімет мүшесі, министр болған 4 адам – Шырақбек Қабылбаев, Рымбек Байсейітов, Төлеутай Сүлейменов, Мұхаметқали Тәтімовті жерлестері ерекше мақтан тұтады. Сонымен қатар мұнда Бибігүл Төлегенова, Рымғали Нұрғалиев, Иса Байзақов, Сапарғали Бегалин, Нұфтолла Шәкенов, Медеу Сәрсеке, Төлеужан Ысмайлов, Бауыржан Жақып т.б көптеген танымал тұлғалар оқыған.

Метрейтой барысында Сапарғали Бегалинге орнатылған бюсттің ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар Шәкәрім университетінің профессоры Амантай Исин, академик Асқарбек Құсайынов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, меценат Марат Құрманбай, облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің қатысуымен конференция өткізілді.

Ат жарыс, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар футболдан турнир өткізіліп, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылды.

Мектеп түлектері, еңбек сіңірген мұғалімдер мерейтой медалімен марапатталды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar