USD514.65EUR544.6RUB5.17

Комиссияның бірінші отырысы өтті

11 қазан 2022, 11:38
Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтің төрағалығымен Абай облысының сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Комиссияның бірінші отырысы өтті

Отырыста Абай облысының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы мәселелер талқыланды.

Абай облысына республикалық маңызы бар -13, жергілікті маңызы бар - 410, жиыны 423 тарихи-мәдени мұра объектілері кіреді.

Сондай-ақ, отырыста 1873 жылы салынған бұрынғы әйелдер гимназиясы ғимаратының алдағы тағдыры да сөз болды.

Талқылауларды ескере отырып, Комиссия тарапынан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізу үшін бірқатар нысандарға қатысты құжаттарды қайта қарау үшін пысықтау қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar