
Жеңімпаздардың ішінде 6 сынып оқушысы Дәулет Смағұлұлы Ілия Жақановтың «Домбыра» әнін орындап, вокал номинациясы бойынша топ жарды.
«Сырғалым» жетігеншілер ансамблі «аспапта ойнау» номинациясы бойынша, Н.Тлендиевтің «Аққу» күйін орындап жеңіске жетті.
Оқушылар байқауға қатысумен қатар Түрік Республикасының тарихымен танысып, арнаулы шипажайда денсаулықтарын нығайтып қайтты.