«Полигон аумағынан тыс жерге қоқыс желмен таралмас үшін қоқыс биіктігін екі есе арттыра отырып, бөлінген учаскенің айналасына торлы қоршау орнатылмақ», - деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігінің баспасөз-қызметі.
Сонымен қатар қаланың кварталішілік аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықты шығару мәселесін шешу үшін қала әкімі Н. Нұрсағатов контейнерлік алаңдарды, жаңа форматтағы контейнерлер санын ұлғайтуды тапсырды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін қосымша техника сатып алу қажеттігі де бар.