
Облыстың үздік теннисшілері турнирдің марапаттары: кубок, медальдар мен ақшалай сыйлықтар үшін бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша СМУ – 1 командасы ЖОО студенттері мен колледж оқушылары арасында "СМУ" КеАҚ кубогының чемпиондары атанды.
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі екінші орынды иеленді, СМУ-2 командасы қола медаль жеңіп алды.
Құрметті төртінші орынды Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің командасы иеленді.