Жиында облыс басшысы жылыту маусымының басталғанын ескере отырып, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, ТЖД және басқа да қызметтер жеке секторда, әлеуметтік нысандарда өртке қарсы алдын-алу шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты күшейтуі қажеттігін атап өтті.
Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне келесі тапсырмалар берді:
- халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газ датчиктерін орнату үшін сатып алуға бюджет қаражатынан ақша бөлінуі қарастырылсын;
- қар тазалау, жол-құрылыс, теміржол техникасын, үй-жайларды (тұрақ бокстары, қазандықтар, жылыту пункттері, шеберханалар, құм базалары) әзірлікке келтіру қарастырылсын;
- көлік магистральдарындағы сырғанауларды жою үшін жанар-жағармай және көктайғаққа қарсы материалдар қоры құрылсын;
- қысқы жағдайда жылыту пункттерінің болуын және жұмысқа дайындығы тексерілсін;
- жол бойындағы кафелерді жүргізушілер, қар құрсауында қалған жолаушылар үшін қосымша жылыту және тамақтану пункттері ретінде пайдалану туралы келісімшартқа отыру қарастырылсын.
Облыс әкімі қоғамдық даму басқармасына баннерлерді дайындау және орнату, жадынамалар, брошюралар түріндегі үгіт материалдарын дайындау, LED экрандарда бейнематериалдарды орналастыру, баспа басылымдарында, теледидарда, радиода, «дауыс зорайтқыш» арқылы материалдарды орналастыруға, кинотеатрларда фильмдер көрсетуді бастамас бұрын оқыту бейнероликтерін таратуға жәрдемдесуді тапсырамын.
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облысының полиция департаментімен бірлесіп, ауа райы нашарлаған кезде автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысын уақтылы шектеуі және жабуы қамтамасыз етілсін.