Абай атындағы облыстық кітапханада Герман Қоғамдық Қауымдастығы «Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қорының» өкілдігімен бірлесіп, Олбани университеті (Нью-Йорк – Олбани штаты), саяси зерттеулер орталығы жанындағы Халықаралық қауіпсіздік, коммерция және экономика саласындағы мемлекеттік басқару жөніндегі жобаның аға ғылыми қызметкері, Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» атты қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға қоғам қайраткерлері, депутаттар, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, Шәкәрім атындағы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кітап ағылшын тілінде жарық көрді, бұл басылымды қазақ тіліне аударуды Эберт қоры жүзеге асырды. Тоғжан Қасенова өз басылымында Қазақстанның Кеңес Одағынан қалған ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімін зерттеп, Семей полигонындағы сынақтардан қазақ халқының көрген азаптарына тоқталады.