USD514.65EUR544.6RUB5.17

Абай облысының ветеринария басқармасы ескертеді

06 қазан 2022, 11:35
Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллёзді жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік береді –дейді "Абай облысының ветеринария басқармасы" ММ бас маманы Қайсар Баймұхамбетов.
Абай облысының ветеринария басқармасы ескертеді

Бруцеллёз – дене қызуының көтерілуімен, тамыр, жүйке және басқа да жүйелердің, әсіресе, тірек-қимыл аппаратының зақымдануымен қатар жүретін инфекциялық ауру. Адамдар үшін аурудың негізгі көздері ауыл шаруашылық жануарлары болып табылады.

Осы себепті бруцеллёз ауруының алдын алу үшін жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы малы бар адамдар:

- жануарлардың түріне, жасына және жынысына байланысты үнемі олардың қан сынамаларына диагностикалық зерттеулер жүргізіп отыру;

- жануарларды басқа қалалардан, аудандардан, облыстардан, шаруашылықтардан және жеке аулалардан олардың әл-ауқатын растайтын ветеринариялық-ілеспе құжаттарсыз әкелмеу;

- сатып алу, сату, союға тапсыру, жайылымға орналастыру және басқа да барлық орын ауыстыруларды тек ветеринариялық қызметтің рұқсатымен ғана жүргізу;

- ветеринариялық зерттеулер мен өңдеулер жүргізу үшін жаңадан сатып алынған немесе сатылатын жануарларды бекітілген карантиндеу қағидаларына сәйкес ветеринариялық қызметтің қатаң бақылауымен карантиндеу;

- бруцеллёзге күдікті аурудың барлық жағдайлары (түсік түсіру, өміршең емес жас жануарлардың тууы) туралы ветеринариялық қызметке хабарлау;

- мал ұстау бойынша ветеринариялық қызметтің ұсыныстарын қатаң сақтау қажет.

Халыққа:

- Сүт және ет өнімдерін қатаң белгіленген орындардан (базарлар, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер және т. б.) сатып алуға;

- жеке тұлғалардан сатып алынған шикі сүтті тамаққа пайдалануға жол бермеу қажет.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar