Биылғы жылу маусымы 29 қыркүйек күні басталған болатын. Сала басшысы таратқан мәліметке сай, білім беру нысандары 73%, медициналық нысандардың 85 проценті жылуға қосылған.
Тұрғындар тарапынан жылу беру мекемесі алдында 73 млн теңге қарыз бар. Серік Түленбергеновтің айтуынша, осы аптаның аяғында қала жылуға толық қосылады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда қаланы жылуға қосу 95% дайын. Сала басшысы жылу жүйелерінің 62 процентінің тозығы жеткеніне қарамастан қыста тұрғындардың жайлылығы үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз деді.