Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жаһандық экологиялық жоба аясында Абай кітапханасында ARUP компаниясының халықаралық сарапшыларының негізгі қала құраушы құрылымдармен, Семей қаласының қоғамшыларымен және басқа да мүдделі тараптармен жұмыс кездесуі өтті. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты оған Семей өңірі бойынша негізгі табиғат қорғау ұйымы ретінде де қатысты.
Кездесуде келесі басым аспектілер бойынша "Жасыл қала" іс-қимыл жоспарын дайындау үшін бірқатар мәселелер талқыланды:
- табиғи орта (экология, сумен жабдықтау және су бұру, ҚТҚ жинау және қайта өңдеу проблемасы);
- қалалық орта (ғимараттар, көлік, энергетика);
- әлеуметтік орта (ақылды қала, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейі, қаланы көгалдандыру Public Space).
"Семей орманы" МОТР мамандары орман және саябақ аймақтары аумағындағы халықтың санитарлық мінез-құлқына қатысты аса ауыр мәселелерді қозғады, одан бірқатар проблемалар туындайды -табиғи демалыс орындарында қоқыс тастауға жол беру, антропогендік орман өрттерінің туындау қаупін арттыру және биологиялық әртүрлілікке теріс әсер ету қаупі.
Семинардың екінші жартысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы еуропалық сарапшылармен делегация, оның ішінде Мэттью Кеннеди, Стивен Кук, Йохан Лайфтогт, "Семей орманы" Канонерка филиалының орман питомнигі мен орман тұқымы станциясының кешеніне барып, қарапайым қарағайдың отырғызу материалын өсіру әдістерімен және ірі өрттерден кейін орман алқаптарын қалпына келтірумен танысты.