USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ардагерлер кеңесі өтті

05 қазан 2022, 09:55
Абай облысында Ардагерлер кеңесінің конференциясы өтіп, кеңес құрамы мен төрағасы сайланды.
Ардагерлер кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының басшылығы, облыстың 2 қаласы мен 8 ауданынан анықталған делегаттар, мемлекеттік қызмет, ғылым-білім, мәдениет пен спорт, әлеуметтік және кәсіпкерлік салада абыройлы қызмет атқарған ардагерлер қатысқан басқосу барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы сөз алып, жиынға қатысушыларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

«Біздің қоғамда ақсақалдар әркез – елдік пен өнегелі өмірдің қайнар көзі болып қала береді. Осы орайда, Ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы жолында Абай елінің ақсақалдарына артылған жауапкершілік жүгі ерекше» - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Конференция қорытындысы бойынша 43 адамнан тұратын облыстық Ардагерлер кеңесі құрылып, оның төрағалығына, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, «Абай ауданының Құрметті азаматы», Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған Алин Мұратқазы Сейсенұлы сайланды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar