Ұлттық спорт түрлері ұлықталатын ойындарда 53 спортшымыз қазақ күресі, көкпар, көкбөрі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша сынға түсті.
Кеше қазақ күресінен жарыстар аяқталды. Ұлттық құраманың 6 өкілі ел намысын қорғады. Балуандарымыз жарыс бағдарламасына сәйкес 55, 65, +65, 60, 80, +100 келі салмақта белдесті. Биылғы Ойындардың бағдарламасында Қазақстан атынан алғаш рет бұрымды балуандар өнер көрсетті.
Абырой болғанда, бәсекелі жарыста бұрымды балуандарымыз сенімді ақтап, әрқайсысы үздіктердің қатарынан көрінді.
Атап айтқанда, біздің жерлесіміз Зарина Сарипова 65 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ол Қырғыз, Түркіменстан, Әзірбайжан өкілдерін жарыс жолынан шығарса, финалда украиндық қарсыласынан басым түсті.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!