Бұл үйді Абайдың әкесі Құнанбай қажы ХIХ ғ. салған. Үй 2 қонақ бөлмесі, Абайдың кабинеті, бір жатын бөлме, ас үй және шаруашылық бөлмесінен тұрады.
Мұнда еліміздің әр өңірінен өнер адамдары – ақындар, әншілер, музыканттар келетін.
Қазірде мұнда ұлы ақынның жеке заттары сақталған. Олардың ішінде түрік, парсы, араб, орыс тілдерінде жазылған кітаптар, сол жылдардағы фотоқұжаттар, Абайдың үш ішекті домбырасы және тұрмыстық заттар бар.