Үш күнге жоспарланған мерекелік шара "Семей- Бөрілі-Қарауыл" бағытында кезең- кезеңімен тойлануда. Жазушының мерейтойы Мұхтар Әуезовтің әке-шешесі Омархан мен Нұржамалдың кесенесіне барып құран бағыштаудан басталды.
Ауқымды шараға Тұрсын Жұртбай бастаған ғалымдар мен Абай облысы әкімдігінің өкілдері қатысуда.
Ең ауқымды шара Абай ауданында жоспарланғандықтан, іскер азаматтар мен қарапайым халықтың қолдауымен Кеңгірбай биге ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ, жаңартылған "Еңлік-Кебек" кесенесінің салтанатты ашылуы болды.
Кемеңгер жазушының мерейтойы туған жерінде үш күн бойы тойланбақ. Шара барысында, қазақша күрес, аламан бәйге, жорға жарыс, ғылыми конференция, футбол, гала концерт өткізу жоспарланған.