
Қазақстан Ұлттық Банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын жасады. Монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша хабарланады.
500 теңгелік монеталар - күміс монетасының таралымы – 2 000 дана.
100 теңгелік монеталардың таралымы - 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.