Көрмеде халқымыздың біртуар перзентінің фотосуреттері, жеке заттары, өмірі мен шығармашылығы, тұлғалық қырлары туралы хабардар ететін музей қорынан алынған деректі материалдар экспозицияда көрсетілген.
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, драматург Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әуезов әлемі» көрмесі ашылды.