Айта кетерлігі, осы кезге дейін 113,6 мың шаршы метр тұрғын үй аумағы қолдануға берілді. Халықты баспанамен қамту тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі жолдарының бірі.
Бүгінде Абай облысында 18 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Бұлар – жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, II дүниежүзілік соғыс ардагерлері және жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған ҚР азаматтары.
Сонымен қатар Семейдің орталық бөлігіндегі 19 үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бұдан бөлек, жер үйлер аумағының 36 бөлігінде спорттық алаңдар мен футбол алаңдары тұрғызылмақ.
Жалпы облыс бойынша 51 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Оның ішіндегі 35 үй Семейде, 16 үй Аягөз қаласында орналасқан.