
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай Абай облысында ұйымдастырылған ультрамарафон аяқталды.
87 шақырымдық ультрамарафонды ЕҰУ доценті, жерлесіміз Рамазан Салықжанов, 7 сағат 59 минутта жүгіріп өтті. Марафон Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов ескерткішінен басталып, Бөріліде аяқталды.
Рамазан Салықжанов, ултьтрамарафоншы:
«Мен 87 шақырымды шамамен 8,5 сағатта жүгіріп өтем деп ойлағам. Алайда одан да ерте жүгіріп өттім. Бұған дейін мен осы тәріздес 6 марафонға қатысқам. Алайда оның ешқайсысында 70 шақырымнан ары аспаған едім. Бұл мен үшін жаңа меже болды»