Президент Қ.К Тоқаевтың 2019 ж. 26 сәуірінде облыс жұртшылығымен болған кездесуіндегі берген тапсырмасы бойынша, 2021 жылы Семей қаласындағы «Қарағайлы» мөлтек ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық Оңалту орталығының құрылысы басталды.
Аталған орталықтың құрылысы ядролық сынақтардан зардап шеккен өңір тұрғындарын оңалту шараларымен қамту арқылы тұрмыс сапасын арттырып, қоғамдық өмірге ат салысуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жаңадан 211 жұмыс орыны ашылады. Оңалту орталығында денешынықтыру-сауықтыру аймағы, үстел ойындары, теннис, бадминтон, гимнастика, шағын футбол алаңдары бар. Сонымен қатар оқу залы бар кітапхана, емдік бассейн, спорттық және жиналыс залы салынған.