
- Қабылданған заң мәдениет және кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Жаңа нормалар мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге және халқымыздың тарихы мен мәдениетін шетелде танымал етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Сондай- ақ, осы Заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке - Республика күнімен бекітіледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады, - деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сондықтан, спикердің айтуынша, бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.
Сондай- ақ, Тұңғыш Президент күнін – 1 желтоқсанды - мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылды.
ФОТО: ortcom.kz