USD514.65EUR544.6RUB5.17

«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ

23 қыркүйек 2022, 15:46
Елімізде зейнет жасына дейінгі қызметкерлерді қолдау мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасы іске қосылды.
«КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ

Жоба мақсаты зейнет жасына дейінгі жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру. Жоба арқылы жұмысқа орналассаңыз, жұмыс мерзіміңіз 12 айды құрайды.

Мерзім аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды зейнетке шыққанға дейін жұмысқа алуға міндетті. Жалақы 30 АЕК-ті (айлық есептік көрсеткіш) құрайды.

Жалақының жартысын мемлекет төлесе, жартысын жұмыс беруші төлейді. Абай облысында қалалар мен аудандар бойынша 18 жұмыс орнын субсидиялау қарастырылған.

Жобаға жолдама алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar