Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық қаржыгерлерді ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы осы маңызды өзгерістердің қаржы-экономикалық секторға әсері тұрғысынан маңыздылығын түсіндірді.
- Бұл бизнес пен қаржы институттары үшін нені білдіреді? Бұл нарыққа қолжетімділікті кеңейтуді және ашықтықты арттыруды, жалпы жеке сектор мен халықаралық әріптестер үшін жаңа мүмкіндіктерді білдіреді, – деп атап өтті Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның экономиканың негізгі секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы айтты.
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен ынтымақтастықтың келешегіне тоқталды. Ол Қор активтерін жекешелендіруге байланысты ашылып жатқан қолайлы мүмкіндіктерге назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Энергетика, Жасыл экономика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы зор әлеуетіне назар аударып, "Астана" халықаралық қаржы орталығында жасалған жағдайларды атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Үкіметі америкалық іскер топтарға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда толық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.