USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

21 қыркүйек 2022, 10:11
Семейде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы ХХІ ғасыр ғылымы аясында" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Семейде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

Конференция 23 қыркүйек күні сағат 11:00-де Бөрілі ауылындағы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының Мұхтар Әуезов музей-үйінде өтеді.

Конференция Мұхтар Әуезовтің әдеби және ғылыми мұрасын қазіргі заманғы ғылыми теориялар мен көзқарастар тұрғысынан зерделеуге, әуезовтану ғылымын жетілдіруге бағытталған.

Конференцияның пленарлық отырысында Түркия, Қырғызстан және Қазақстан ғалымдары, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Alikhan Bokeikhan University және Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының ғылыми қызметкерлері баяндама жасайды.

Конференция жұмысына ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушылары, докторанттар мен магистранттар, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, мұражайлар мен мәдени мекемелердің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar