
Акцияға резерват басқармасы мен Семей филиалының 58 қызметкері қатысты. Барлығы бірге Краснокордон орман шаруашылығының аумағын қоқыстан тазартты.
Тазалық акциясын біздің тұрақты серіктестеріміз қолдады - сенбілікке оқытушымен бірге Шәкәрім атындағы университеттің "Орман шаруашылығы" мамандығы бойынша оқитын 38 студенті қатысты.
Резерват қызметкерлері мен орман саласының болашақ мамандары аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараны ұйымдастырып, қала шетіндегі және қарағай орманы аумағынан 4 тонна қоқыс жинады.
Өңірдің барлық тұрғындарын осы экологиялық акцияны қолдауға және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс емес жерге тастамауға шақырамыз.
Орман қоқыс емес!
Күлия Мақанқызы