Нұрлан Ұранхаев - Абай облысының әкімі:
"Аспалы көпір астындағы қоғамдық кеңістіктің жобасы аяқталды. Бүгін қаланың тартылыс нүктесі ашылды. Бос жатқан жерде спорт, демалыс, көңіл көтеруге арналған аумақ пайда болды. Бұл жерде спорттық кластер құрылады. Оң жағында екі футбол алаңы, аквапарк бар, осы жерді ретке келтіреміз. Келешекте, мұнда көптеген спорт түрлері бойынша сайыстар өткіземіз. Бұл жер теқ қана қолайлы емес, қауіпсіз етуге тырысамыз. Бүгін "Сергек" камералары орнатылды. Келесі жылы сол жағалауда, көпір маңынан жапон бағын жасайтын боламыз", - деді өңір басшысы.