USD491.7EUR531.28RUB5.07

«Сергек» жүйесін іске қосуға дайындық жүріп жатыр

20 қыркүйек 2022, 11:37
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы жағдаяттар орталығы жұмысымен танысты.
«Сергек» жүйесін іске қосуға дайындық жүріп жатыр

Бүгінгі таңда ғимарат анықталып, «Сергек» жүйесін іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жағдаяттар орталығында «Сергек» жүйесіне қосылған 687 бейнекамера жұмыс істеп, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әлеуметтік нысандарда 88 камера жұмыс істейді.

Семей қаласы Астана, Алматы, Өскемен, Атырау, Шымкенттен кейін «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесіне қосылған алтыншы қала болып отыр.

Сонымен қатар, жағдаяттар орталығында барлық коммуналдық және шұғыл емес мәселелер бойынша бірегей байланыс қызметі жұмыс істейтін орталық үшін арнайы орын жабдықталды.

Қазан айынан бастап «Сергек» жүйесі іске қосылады. Соған орай «109» коммуналдық қызметтердің жұмысын бақылайтын апаттық қызметті іске қосылады деп жоспарлануда.

"Айта кетерлігі, туындайтын барлық мәселе бойынша жұмыс істеу үшін орталықта полиция қызметкерлері, басқа да мамандар жұмыс істейтін болады. Заң бұзушылық туралы шешіммен келіспеген адам орталыққа келіп, өз дәлелін келтіре алады» -деді Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar