Кездесуге қатысушылар арасында - облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығы, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды.
Кездесуде қаладағы шу мәселесі, ретсіз құрылыс, стихиялық көше саудасы, жасыл желектердің жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
"Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс орталығы мен өңірдің экологиялық мәселелеріне ерекше назар аударады. Біздің қалаға бейінді Комитеттің бірінші басшысының келуі қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың тығыз өзара іс-қимыл жасайтындығын куәландырады. Экологиялық мәселелерді шешуде қоғамшылдардың, бейінді қауымдастықтардың, халықтың қатысуы ерекше маңызға ие, өйткені кейде бірқатар өзекті мәселелерге терең бойлап, оларды салалық мемлекеттік органдармен тығыз байланыста шешуге дайын", - деп атап өтті облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Данияр Тоқтыбаев.
Жұртшылықпен кездесу қорытындысы бойынша қоғам өкілдерімен тығыз байланыста экологиялық блок міндеттерін шешуге кешенді қарау туралы шешім қабылданды.