USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жаңа облыста бірнеше зауыт іске қосылады деп күтілуде

16 қыркүйек 2022, 15:25
Абай облысында 2022 жылдың соңына дейін үш жобаны іске қосу жоспарлануда.
Жаңа облыста бірнеше зауыт іске қосылады деп күтілуде

Атап айтқанда, қыркүйек айында облыста Беркара базасындағы SX-EW зауыты жұмыс істей алады. Инвестициялар 12 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы - жылына 500 мың тонна кен, кейіннен жылына 4 мың тонна көлемінде катодты мысқа қайта өңдеу.

Қараша айында цемент зауыты жаңғыртылып, қалпына келтірілгеннен кейін іске қосылады деп күтілуде. Құны - 6,8 млрд теңге. Мұнда жылына 1,2 млн тонна өнім шығарылады. Кәсіпорында 385 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 300 млн теңгеге жартылай фабрикаттар өндірісі ашылуы тиіс. Мұнда жылына 30 тонна ет консервілерін шығару көзделуде. Сондай-ақ  100 адам жұмысқа орналаса алады.

ФОТО: tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar