"Белгілі болғандай, Парламент депутаттарының бір тобы Қазақстанның елордасы — Астананы қайтаруды ұсынды. Президент депутаттардың бұл бастамасы туралы хабардар етілді, олар өз кезегінде халықпен кездесулер барысында бірнеше рет айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Парламентшілердің ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді", - деп жазды Руслан Желдібай.
Бұл ретте Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтудағы және Астананың қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөлін тарихи факт деп санайды. Сондықтан, баспасөз хатшысы мәлімдегендей, Тұңғыш президенттің құрметіне аталған басқа да нысандар өз атауларын сақтауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйекте Мәжілістің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері Нұр-сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдады.
"Бұл дұрыс емес - адамның көзі тірісінде оның есімімен қала аталғаны, халық та Астананың жаңа атауын қабылдамаған. Сондықтан бір кездері Тұңғыш Президент ұсынған Астананың бұрынғы атауын қайтару тарихи әділ болмақ", — делінген хабарламада.