
Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды.