
7-11-ші қыркүйек аралығында Улан-Баторда штангіні жатып көтеруден барлық жас аралығындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті.
Оған 9 мемлекеттің спортшысы қатысты.
Жерлесіміз Андрей Алтайбаев 120 келі салмақ дәрежесі бойынша Азияның екі дүркін чемпионы атанды.
Марина Алтайбаева да штангіні жатып көтеруден әйелдер арасында 84-тен жоғары келі салмақта өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Жалпы жерлес спортшыларымыз 3 алтын 1 қола медальға қол жеткізді.